Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Илон Масктің анасы Алматыға келеді

Әлем
Илон Масктің анасы Алматыға келеді

Америкалық кәсіпкер және Tesla Motors компаниясының негізін қалаушы Илон Масктің анасы Мэй Маск қазан айында Алматыға келеді.


Мэй Маск BeWoman Орталық Азия әйелдер форумына қатысады. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

Америкалық қонақ денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз асырау, кедергілерді еңсеру мен өзіне деген сенімділікті арттыру туралы ойларымен бөліседі.

Айта кетсек, Мэй Маск – диетология докторы, ғылым магистрінің екі дәрежесі бар. Ол 45 жылдан астам уақыт тамақтану саласында кәсіп жүргізіп, көпшілікке кеңес берумен айналысып келеді.

Мэй Маск Алматыға алғаш рет келгелі отыр.  

Фото: Danny Moloshok / Reuters

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу