Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Испания Еуроодақтан Израильге қарсы қатаң шара қолдануды талап етті

Әлем
Испания Еуроодақтан Израильге қарсы қатаң шара қолдануды талап етті

Жозе Мануэль Альбарес Брюссельдегі Еуропалық Одақ сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Израильге қатысты батыл шаралар қолдануды, оның ішінде санкциялар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Анадолы.


Ол отырыс алдында журналистерге берген сұхбатында Еуропалық Одақ пен Израиль арасындағы әріптестік келісімінің уақытша тоқтатылуын, қару-жарақ эмбаргосын және жауапты израильдік шенеуніктерге жеке санкциялар қолдануды талап ететінін айтты.

— Еуропалық Одақ Газадағы геноцидті жалғастырып жатқан Израильге қарсы санкцияларды енгізуде табандылық танытуы тиіс. Әйтпесе, қалғанның бәрі бекер болады, — деп мәлімдеді Испания Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

Бұдан бұрын БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иранға қарсы жасаған әрекеттеріне байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдайды халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін қауіпті эскалация ретінде бағалады.

Сонымен қатар Өзбекстан Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды.

Фото: censor.net  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу