«Телефон, камера ұрлаған...» Перизат Қайраттың студент кезіндегі былығы да айтылды
Бұл жағдайды бірге оқыған куәгер айтып берді
Алматыдағы эстрада-цирк колледжіндегі былығы туралы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы YEDILOV ONLINE телеграм-арнасында жарияланған видеода айтылады. Видео авторының айтуынша, аталған колледжде оқып жүрген кезінде екінші курсқа Ақтаудан Перизат Қасенғалиева ауысып келген.
Оның айтуынша, жарты жылдай оқып, жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көрген деген әңгіме естіген. Сөйтіп, ақыры оқудан шығарып жіберген.
Қайда кетті екен деп жүргем. Бір қайырымдылық қорының басшысы Астанада ұсталып, сотталып жатыр деген ақпаратты көріп қалдым. Мән беріп қараған жоқпын. Бүгін менің мұғалімімнен «мынау бізде оқыған Қасенғалиева Перизат па?» деп смс келді. Ашып қарасам, дәл өзі, дейді автор.
Одан бөлек, телеграм-арнада жеке мәліметтері де жарияланған. Ондағы ақпарат бойынша, Қасенғалиева Перизат Қайратқызы 05.07.1991 ж. т. Туған жері – Ақтөбе облысы Алға ауылы. 2006-2007 оқу жылында Маңғыстау көркемсурет колледжіне «хор дирижерлау» мамандығы бойынша оқуға түскен. 2008 жылы Алматыдағы эстрада-цирк колледжіне ауысқан.
Фото: instagram/01pk