Перизат Қайрат Палестина халқына да «қайырымдылық жинаған»

ҚМА тағы оған қатысты бір дерек анықтағанын мәлімдеді

Мәди Саматұлы

  • 16.11.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу дерегі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша тағы бір дерек анықтағанын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік мәлімдеуінше, оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталған. 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырған.

2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic жаңа автокөлігін сатып алды, деп жазылғар Агенттік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де Rolex, Prada және Fendi брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалған.

Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке алынған.

Айта кетейік, бұған дейін оның 1,5 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша күдікке алынып, тергеліп жатқанын жазған едік. 

Фото: instagram/01pk

Байланысты жаналықтар

Билл Гейтс өзінің байлығына қатысты маңызды шешім қабылдады

09.05.2025

Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

03.05.2025

Тоқаев ҚМА төрағасына бірқатар тапсырма берді

08.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

04.04.2025

Бәрменқұлов ешқандай күдікті емес - ҚМА

03.04.2025
MalimBlocks
Билл Гейтс өзінің байлығына қатысты маңызды шешім қабылдады

Биыл күзде Билл Гейтс 70 жасқа толады

Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

Тоқаев ҚМА төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректерін жариялады

Бәрменқұлов ешқандай күдікті емес - ҚМА