Перизат Қайрат үй берем деп тағы бір адамды алдап соққан

Келіншек елордада балаларымен әлі де пәтер жалдап тұрады

Сабина Асқарқызы

  • 19.11.2024

Елорда тұрғыны Әсел Омарова осыдан екі жыл бұрын "BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан өзіне Перизат Қайрат хабарласып, пәтер берілетінін айтып, үміттендіріп қойғанын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде баласымен такси жүргізіп танылған әйел уәде етілген пәтерді ала алмай жүргенін айтады. Оған үйдің сертификатын көпшіліктің алдында табыстаған еді.

"Жамандыққа қимаймын, дегенмен "барды бар, жоқты жоқ" деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, "үй табыстаймыз" деп айтып кеткен еді. Кейін Жаңа жылдық мерекеге орай үлкен галаконцерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді", – деді ол.

Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін хабарсыз кетті дейді.

Айтуынша, өзі хабарласқан кезде "күнде ертең" деп түрлі сылтаумен Әселді ұзақ күттіріп қойған.

"Үміт деген қиын екен, "әне, міне беріп қалар" деп күтіп жүр едім. Соңғы рет 4-5 ай бұрын хабарластық, сол кезде "1-2 айдан соң беріледі" деді. Бірақ қайтадан үнсіз қалды", – деді ол.

Айта кетейік, келіншек елордада балаларымен әлі де пәтер жалдап тұрады. 

Байланысты жаналықтар

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

04.04.2025

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

03.04.2025

Сот Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін таратты

12.03.2025

Су тасқыны кезінде миллиардтаған қаржы жиналған Перизат Қайраттың қоры жабылды

26.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Перизат Қайрат туралы тың дерек: мүгедек балаларға да ақша жинаған

19.02.2025
MalimBlocks
Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректерін жариялады

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

ҚМА мән-жайды айтты.