457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Kaspi банк Перизат Қайраттың қорына 620 млн теңгені не үшін аударғанын түсіндірді

Бұған дейін Перизат Қайрат банк өкілдері оған алғаш болып өздері байланысқа шыққанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Malim.kz bes.media-ға сілтеме жасап.

Kaspi Bank АҚ-ның бас заңгері Айдар Кисенбаев қаржы ұйымының Перизат Қайраттың қорына 620 млн теңге аудару себебін сотта түсіндірді.

Заңгердің айтуынша, 2024 жылғы 5 сәуірде банкке “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігінің басшысы Перизат Қайраттан 120 млн теңге көлемінде қазақстандықтарға қайырымдылық көмек көрсету туралы хат келіп түскен.

Ал 8 сәуірде Перизат Қайрат дәл осындай мазмұндағы тағы бір хат жолдап, бұл жолы 500 млн теңге аударуды сұраған.

Кейін банкке ұйым атынан алғыс хаты келіп түскен. Хатқа қордың қаржылық есебі қоса тіркеліпті. Есепте 423 млн 146 мың 296 теңге шығын туралы ақпарат көрсетілген.

Банктің өкілі аталған сомаға қайықтар, генераторлар, жаялықтар, резеңке етіктер мен қаптар сатып алынғанын айтты. Қалған қаражат азық-түлікке, жанармайға және көлік шығындарына жұмсалған деп көрсетілген.

Айта кетейік, 14 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі межрайондық сотында басты сот процесі басталды. Судья Сабыржан Каримов журналистердің сот залына кіруіне және айыпталушыларды фотоға түсіруге тыйым салды. Ақпарат құралдары сот барысын бөлек кабинеттегі трансляция арқылы ғана бақылай алады.

“Biz Birgemiz Qazaqstan” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға сотта айып тағылды.

Прокурорлардың айтуынша, айыпталушылар қайырымдылық үшін жиналды делінген 3,5 млрд теңгені жымқырған.

Фото: instagram/01pk