Құпия құжаттардағы Қазақстан. Мас әрі көңілді Қорғаныс министрі

IMAGE: © clearancejobs.com
2006 жылы WikiLeaks жобасы дүниеге келді. Журналист әрі белсенді Джулиан Ассанж бастаған бұл жоба құпия құжаттарды жариялаумен айналысты. Джулиан бұл арқылы қоғамның назарынан тыс жүріп жататын бармақ басты көз қысты процестерге наразылығын білдірмек болды.
Қазірге дейін жоба ондаған мың құпия құжаттарды жариялаған. Оның ішінде - түрлі елдердегі дипломаттардың орталыққа жіберген құпия хаттары көп. Malim.kz назар аударуға тұрарлық құжаттарды жариялай бастады.
АҚШ дипоматының Ақ үйге жіберген бұл хабарламасы аталған уақыттағы еліміздің саяси истеблишментінің жай-күйінен хабар беретіндей.
Даниял Ахметов. Photo: ©sarbaz.kz
2007 маусымында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Даниял Ахметов АҚШ Қорғаныс министрлігінен келген өкілмен кездесті. Ол өзінің мас екенін тіпті жасыруға да талпынған жоқ. Креслода шалқасынан жатып, түрлі орысша буындарды күбірлеп жатты. Ахметов өзінің осы күйін АҚШ өкіліне - әскери институттағы түлектердің банкетінен келгенімен түсіндірді. Ол Қазақстанның жаңа офицерлерінің денсаулығы үшін іштім депті.
Бұдан бұрын жарияланғандар:
Құпия құжаттардағы Қазақстан. "Біздің басшылық... шаршады"
Құпия құжаттардағы Қазақстан. Түнгі клубтағы премьер-министр

Ең көп оқылған
