Қазіргі балалар түсінбейтін 10 зат

Кеше бізге үйреншікті болған кейбір заттардың он жыл да өтпей жатып қолданыстан шығып жатқанын көріп жүрміз. Өзімізге сондай қарапайым көрінетін тұрмыстық аспаптар қазіргі балаларды таң қалдырады. Кейбіреулері «интернетсіз қалай өмір сүрдіңдер?» деп те сұрап жатады.
Жас келді ме, әлде технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен ауысып жатыр ма? Malim.kz желіде осындай тақырыпқа арқау болған бірнеше затты тізіп шықты.
1. Дискілі телефон
Есіңізде ме, нөмірді - дөңгелегін бұрап теретін телефондар? Ал қазіргі жасөспірімдер оның не екенін тұспалдай да алмайды. Reddit қолданушысы жазған екен:
«Кеше студентім дискілі телефон деген не? деп сұрады. Интернеттен фотосын тауып алып, осы деп көрсеттім. Ол тұрды да, бір кезде: «иә, иә, осындай зат әжемнің шешесінде болған, есіме түсті!» деді. Не дерімді білмедім. Жасым қырықта. Өзімді динозавр сезіндім».
2. Машинаның қолмен ашылып-жабылатын терезесі
Photo: ©businessinsider.com ( Fondupot's Garage/ YouTube)
«Бала ескі машинама мінді де, терезені көтеріп-түсіретін тұтқасын қарап отырып, бұл не деп сұрады. Басып тұрып, есікті ашпақшы болды».
3. Кәдімгі қағаз карта
Photo: ©lovepaper.org
«Оқушым, кәдімгі қағаз картаға қарап-қарап тұрып:
- Сонда қазір қай жерде екенімді қалай көремін? – дегені».
4. Кассета
Photo: ©etsy.com
«Магнитофон ойнап тұрды. Кассета біткеннен кейін, баладан келесі жағын аударып қоюды сұрадым. Ол магнитофонның өзін теріс аударып келді»
5. Дискета
Photo: ©etsy.com
«Балалар қолына алып, төсіне қадамақшы болып, «мұны былай таға ма?» деп жамырады».
6. Оятқыш
Photo: ©Youtube
«Балалар оны әрі аударып қарады, бері аударып қарады; адамды қалай оятатынын ақыры түсінбеді».
7. Энциклопедия кітап
Photo: ©spectator.co.uk
«Сонда, керек мәліметті мына топан жазудың ішінен қалай тауып жүрдіңдер? Қалай іздедіңдер дегенім ғой?», - деді бала».
8. Оймақ
Photo: © reddit.com
«Балалар саусаққа кигізетін нәрсе екенін де аңғара алмады, ал тігін үшін екенін тіпті білмес еді».
9. Телевизор
Photo: © buzzfeed.com (ClassicStock / Getty Images )
«Оқушы фотодағы ескі телевизордың антеннасына нұсқап, «апай, баяғыда телевизордың төбесінде неге екі темір шығарып қоятын болған, қоян құсатып?» деді. Не дерімді білмедім. Ақырзаманның кабель заманның балалары десе».
10. Қолжазба
Photo: © go2tutors.com (Image Credit: DepositPhotos)
«Баяғының адамдары романдарды қағазға қолмен жазып тапсырғанына балаларды сендіре алмадым. Сыйлағаннан иә дей салды, бірақ көңілдерінде күдік бәрібір қалды. Олар өмірінде өз қолымен ең болмаса бір парақтың жартысына жететін де сөйлем жазып көрмеген ғой».
Осындай хикая білсеңіз, Malim.kz-ке айта отырыңыз, күле отырайық; күліп отырып, заманның арыны туралы ойлана отырайық.


Ең көп оқылған
