«Жастар EQ 2.0.» әлеуметтік жобасы мәресіне жетті

Жастардың психологиялық мәдениетін кәсіби мамандардың біліктілігі мен білімін арттыра отыра қалыптастырып, психикалық, менталдық денсаулығын нығайтып, жастардың эмоционалды интеллектісін (ЕQ) кәсіби психолог мамандар арқылы көтеруге ықпал ету мақсатында «Қолдау орталығы» жекеменшік мекемесі «Жастар EQ 2.0.» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан «Жастар EQ 2.0» жобасы 4 айға созылды. Сол аралықта жастардың кемінде 5%-ына менталдық денсаулық бойынша ақпарат ұсынылды. 20-дан астам психологқа 4 компоненттік екі күндік оқыту ұйымдастырылды. Алматы мен Астанадағы жетекші орталықтарға стади-тур өтті. Барлық аудан-қалаларда психологиялық семинар-тренингтер өтті. «EQ mangystau_jastary» және «Sana&Sezim» парақшалары арқылы сапалы контент таратылды. 10 психологтың жеке бренді мен имиджін дамытуға бағытталған менторлық қолдау көрсетілді.
Жоба аясында жас мамандарға психолог, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, сертификатталған бизнес тренер, PhD кандидат Сымбат Абдрахманова, кәсіби психолог, менеджмент, психология және өнімділік бойынша кеңесші, сарапшы Ерлан Мұстафин, нейропсихолог, ҚР балалар психологтары мен нейропсихологтар қауымдастығының президенті Айнұр Алдашева, бизнес тренер, ментор Бибігүл Шайхиева, Қазақстан Психоанализ қауымдастығының мүшесі, Орталық Азия Психоанализ институтының түлегі, психоаналитик Жұлдыз Төлеу «Суицидология», «Эмоционалдық интеллект», «Нейропсихология», «Психоанализ», «Жеке бренд қалыптастыру және ЖИ арқылы өзіңді, қызметіңді сату» тақырыптарында дәріс оқыды.
Фото: Қолдау орталығы