Ақтаудағы теңіз жағалауынан итбалық өлексесі табылды

Теңіз жануарының өлексесін суға шомылып жүрген ересектер мен балалар байқаған. Оқиға демалыс күні 1-шағын аудандағы жағажайда болған.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқараушы Қонарбай Базарбаев итбалықтан сынама алу мүмкін болмағанын айтты.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының жануарлар дүниесін қорғау қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, оқиға болған жерге барып, итбалықтың өлексесін тапты. Оның денесі қатты ыдырап кеткендіктен сынама алынбады. Теңіз жануары полигонға жеткізілу үшін коммуналдық қызметке тапсырылды, - дейді Қонарбай Базарбаев.
Фото: видеодан кадр

Ең көп оқылған
