Құпия құжаттардағы Қазақстан. Түнгі клубтағы премьер-министр

Өткен жазбада WikiLeaks сайтында Қазақстанның Кедендік Одаққа кіру себебі туралы хаттың мазмұнын жариялаған болатынбыз. Бұл жолы дипломаттар Қазақстан билігінің тұрмыстық әдет-ғұрыптарын сипаттапты.
Бұл хатты АҚШ дипломаттары еліне 2008 жылы жіберген. 08ASTANA760_a деп белгіленген хатта қазақстандық мемлекеттік қайраткерлердің өмір салты туралы айтылады. Хаттан бірер үзінді:
"Қазақстан президенті Назарбаев отандастары сияқты - жылқыға құмар. 2007 жылы елшілік қызметкері Астана маңындағы жылқы фермасына барды... Фермада - бильярд клубы, сауна мен спортзал бар... Ферма жетекшісінің қызы Назарбаевтың сирек келетінін айтты...".
"...7 наурыз күні елші қызметкері премьер-министр Кәрім Мәсімовты Chocolat клубында көріпті. Бұл - Астананың ең сәнді клубтарының бірі. Ол клубқа сағат 23:30-да президент әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов, Астана қаласының әкімі Асқар Мамин, сосын, тағы үш әйел (жұбайлары болуы мүмкін) және күзетшілерімен барған. VIP-аймақ болғанымен, Мәсімов ортақ залды таңдаған. Елші қызметкері үстел үстінде бірнеше ішімдік тұрғанын байқапты. Мәсімов бара сала өзімен келгендерді би алаңына апарған. Би алаңында 50 шақты адам болса да, Мәсімов алаң үстіндегі бос сахнаға шығып, билей бастаған. Оның серіктері тез шаршап қалды, ал Мәсімов болса сахнада жалғыздан жалғыз тағы 15-20 минуттай билепті. Сағат бір шамасында бәрі кетіп қалды...
"2007 жылы Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев өзінің 41 жасын ұлан-асыр той беріп атап өтті. Алматыдағы шағындау концерт залында Ресейдің ірі поп-жұлдыздарының концерті болды. Ал тойдың басты хедлайнері - Элтон Джон болды. Оған бір миллион фунт-стерлинг төледі деген хабар бар..."...

Ең көп оқылған
