457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құпия құжаттардағы Қазақстан. "Біздің басшылық... шаршады"

2006 жылы WikiLeaks жобасы дүниеге келді. Журналист әрі белсенді Джулиан Ассанж бастаған бұл жоба құпия құжаттарды жариялаумен айналысты. Джулиан бұл арқылы қоғамның назарынан тыс жүріп жататын бармақ басты көз қысты процестерге наразылығын білдірмек болды.

Қазірге дейін жоба ондаған мың құпия құжаттарды жариялады. Оның ішінде - түрлі елдердегі дипломаттардың орталыққа жіберген құпия хаттары көп. Malim.kz назар аударуға тұрарлық құжттарды жариялай бастайды.

 

WikiLeaks-те бұл құпия хабарды АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хогленд 2009 жылдың маусым айында жіберген деп көрсетілген. Бұл хат Қазақстанды Кедендік одаққа кіруге мәжбүрлеген оқиғаларға жарық түсіреді. Хаттың назар аударуға тұрарлық тұстарын жариялап отырмыз.

 

"...Соңғы оқиғалар Ресей-Қазақстан-Беларустың кедендік одаққа бірігуі шындыққа айналғанын көрсетіп отыр. Бұл туралы 9 маусым күні Путин айтқан еді. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мен Кедендік Одаққа кіруді таразылап көрді. АҚШ пен Еуроодақтың ісінен сөзі көп екенін көрді...".

"...12 маусым күні Еуроодақ елшісі Жустен АҚШ елшісіне Қазақстанның индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжановамен кездескенін айтты. Жанар Айтжанова былай деген:


Қазақстан экономикалық тұрғыдан - Ресейдің аймағы. Біз бұл жайтты ысырып қоя алмаймыз. АҚШ пен Еуроодақ әдемі сөздер айтты, бірақ Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына тартуға саяси ерік танытпады. Сіздің лидерлер бірдеңе дейді, ал технократтарыңыз тіпті басқа нәрсе талап етеді. Еуроодақ пен АҚШ-тың бізге қойған талабы Ресейге қойған талабынан қатал. Біздің басшылық мұны әділетсіз деп есептейді және шаршады. Ал Ресей АҚШ әкімшілігін ауысу кезеңін пайдаланып, әрекет жасады. Мен бұған еш тосқауыл қоя алмадым, себебі АҚШ жағынан да, Еуроодақ жағынан да қолдау болмады".