457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленскийдің офисінің қызметкері: Украина екі тараптың да майданның қазіргі шебінде қалуына келіседі

DW - Неміс толқыны басылымының хабарлауынша, Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк итальяндық La Repubblica газетіне берген сұхбатында осылай деген.


"Украинаның бастапқы ұстанымы мынадай: біз бұл соғысты доғарудың бір амалы - қақтығысты майданның қазіргі шебінде қалдыру екенін түсінеміз",


- деген ол сұхбатында.

Бұл жағдайда - оккупациядағы аймақтар заң жүзінде Украинаның меншігі болып қалатынын, оларды Ресейдікі екенін ешкім мойындамайтынын айтқан. Содан кейін экономикалық, саяси және басқа да амалдар арқылы бұл жерлерді Украинаға қайтаруға болады дейді Михаил Подоляк.

М. Подоляк Украина қауіпсіздігіне кепілдік туралы да айтып өтті. Қауіпсіздіктің кепілі - Украинаны қаруландыру және күш-қуатын арттыру деп есептейді ол. Бұған қоса, ел аумағында қашықтығы 2000 шақырым болатын зымырандар орналастыру да Украина егемендігіне басты кепілдік болмақ дейді ол.

 

Photo: 1tv.ge