457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқушысын баласындай көретін 10 ұстаз

Жазғы уақыт мұғалімдер арқаны кеңге салатын уақыт деп ойлаймыз. "Екі ай демалысына" қызығып па, тіпті қызғанып па, қарайтын сияқтымыз.

Алайда, тіпті олай емес. Ұстаздар, қолынан түлетіп ұшырған құсын енді - таланты ашыла ма екен, өз ісінің маманы бола ма екен деп уайымдайды. Куәлік ретінде - оқушысының жетістігіне мақтанып, қуанышы қойнына сыймаған он ұстаздың жазбасын ұсынамыз.

 


 ©Facebook - Daneker Kolganat:

Бүгін мен үшін ӘР КҮННЕН ЕРЕКШЕ КҮН😍 Себебі менің жетектеген сыныбым 6оқушым 11~сыныпты табысты аяқтап қолдарына құжаттарын алды.Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған оқушылар,таудай болып мектептің табалдырығынан аттап үлкен жолдарға қадам баспақшы. 2 оқушым “Алтын белгі иегерлері” 1 оқушым “Оқу үздігі” 3 оқушым екпінді

 

© Daneker Kolganat


 ©Facebook - Aidana Ondasyn:

Қызымдай болған ботақан😘😘 Менің тағы бір үздік оқушым❤️❤️ - Меруерт Маханбетова Дінмұхаммед оқушым «Алтын белгі» медальімен марапатталды. Димашжан, құтты болсын. Болашағың жарқын болсын.

 

 ©Facebook - Aidana Ondasyn


©Facebook -  Несибели Исламова: 

Менің ұстаздық еткенімен де 31 жылдан асыпты ,осы жалдар ішінде сынып жетекшілік етіп 4 рет түлектерімді қимай шығарып салдым . Шәкірттерім менің өз балаларымдай болып кеткенін енді байқап , олардың қандай да болса қуанышты сәттерін естісем менің балаларым , менің оқушым деп менде мақтана айтамын.

©Facebook -  Несибели Исламова


©Facebook - Рысжан Шерниязқызы Шамұратова: 

Үйден оқитын алғыр оқушым-Саян! -қандай арманың бар ?дегенімде, -“білесіз бе? Басқа балалар секілді өз аяғыммен жүріп мектеп партасында білім алу “деген болатын. ✅Сол Саяным бүгін мектепке келді. Жазғы демалысты жоспарладық.Өзі шағын кішігірім кәсіппен айналысады. Сол кәсібін үлкейтіп болашақ үлкен компанияны басқарғысы келеді.

©Facebook - Рысжан Шерниязқызы Шамұратова


©Facebook - Bayan Kaynisheva:

Қазіргі таңда мықты маман иесі, оқушым алыстан танып келіп, амандасып қуанып қалдым.

©Facebook - Bayan Kaynisheva


©Facebook - Айман Амзеева

Оқушым Алтынбек Даяна Әбілахат Еспаев балалар саз мектебін үздік аяқтады. Ұстаз үшін бұл да, бір бақыт. 2024-2025 оқу жылының есептік концерті.

©Facebook - Bayan Kaynisheva


©Facebook - Асем Шораева: 

Оқушым “Үздік оқушы – 2025” атағына ие болды! 🌟 Бұл — еңбек пен талпыныстың, білімге деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі. Жетістігіңмен мақтанамын! Алда сені әлі талай жеңіс күтеді! ✨

©Facebook - Асем Шораева


©Facebook - Макон Шайкемелов:

2 ши сыныптан берги келе жатқан оқушым биыл 11 битирип алғысын билдируде. Абылай рахмет саған қалаған маман иесі бол алдағы үлкен өмірге сәттілік тілеймін 19.05.2025.

©Facebook - Макон Шайкемелов


©Facebook - Акмарал Карпыкбаева:

Оқушым Нұрмағанбет Әдемі Республикалық пәндік олимпиадада І орын иеленді! Бұл жеңіс — оның табандылығының, ізденісінің және білімге деген шексіз құштарлығының дәлелі.

©Facebook - Ақмарал


 

Әрине, бұл тек біздің көзімізге түскен жазбалар. Бұдан басқа мыңдаған ұстаздың толқынысын көрмей қалғанымызды түсінеміз. Әлемде мейірімге орын бары рас болса, әйтеуір бір жазып қоюды артық көрмедік, "жақсылық жерде жатпасын" деген ниет. Malim.kz сізге де, балаларыңызға да осындай ұстаздар тап келуін тілейтінін айтқымыз келді.