Онлайн-алаяқтар кісі алдау өнерінің жаңа шыңдарын бағындыруда.
CBS News 80 жастағы әжейдің алаяққа 6 700 $ аударып жіберуінің жай-жапсарын жазады.
Басылымның хабарлауынша, Хоккайдо префектінің (Жапония) тұрғыны, 80 жастағы әжейге интернет-алаяқ... астронавтпын деп хабарласқан. Ғарыш кемесінде оттегі бітіп жатқанын, қазір ақша таппаса өлетінін айтқан. Мейірімді әжей 1 млн иен (шамамен 6 700 $) ақша аударып жіберіпті.
Префект полициясы бұған "романтикалық хикая негізіндегі алаяқтық" деп баға берді.
Дереккөз: ©CBS News
IMAGE: ©kosmokid.ru