1990 жылдары Еуропа Одағы ортақ ақша - еуро шығармақ болады. Банкноттарға әркім өз еліне қатысты сурет тықпалап дау тумасын деп, шын нысандардың емес, ойдан шығарылған көпірлер, терезелер мен аркалардың суретін салдырады. Олар нақты нысанның емес, әншейін ғана - Еуропаның түрлі дәуірлеріне тән жалпылама суреттер еді. Роберт Калина (Robert Kalina) деген суретші безендірген 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 еуродағы суреттер - өмірде ешқашан болмаған көпірлердің суреттері.
2011-2013 голландтық Робин Стам (Robin Stam) деген дизайнер мынадай қулық жасапты. Ол нидерландтың Спейкинессе (Spijkenisse) қаласында еуро банкноттарындағы барлық көпірді салып шыққан! Оның үстіне, тура ақшадағыдай түстерге бояп шығыпты. Енді голландтықтар "барлық еуродағы суреттерде біздің елдің көпірлері тұр" деп қалжыңдайды екен.


IMAGE: ©Wikimedia Foundation