457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін сотта Перизат Қайраттан жауап алынды

Астана қаласындағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында сотталушы Қайрат Перизат пен оның анасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда. Ертең сот отырысында жарыссөз басталады. Ал бүгінгі таңертеңгі бөлімде заттай дәлелдемелер зерттелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 21 шілдеде тараптар бірқатар өтінішхаттар жариялады.

"Сотталушы Қайрат Перизаттан жауап алынды, ал айыпталушы Алашбаева (Қайрат Перизаттың анасы) өз құқықтарын пайдалана отырып, жауап беруден бас тартты", делінген сот хабарламасында.

Қайрат Перизаттың сотта не айтқаны белгісіз, себебі соттың бұл бөлігі жабық режимде өтті. Сәйкесінше, оған БАҚ өкілдері жіберілмеді.

Іс бойынша жарыссөз 2025 жылғы 22 шілде күні сағат 11.00-ге тағайындалды.

Айта кетсек, 2025 жылғы 14 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша айыпталып отыр.

Сурет: Instagram/01pk