457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Степногорск қалалық сотында ҚАЖ мекемесінің "ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңды қолдана отырып, сотталған Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қаралды.

Сотталған Байжановқа қатысты ұсыныс келесі негіздер бойынша қанағаттандырылды.

  • ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.
  • "Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес, негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады.
  • Сотталған Байжановтан сот үкімімен өндіріп алынған мәжбүрлі төлем және іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.

Біз бұған дейін Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімі Степногорск қаласында қысқартылғаны туралы жазған едік.

Фото: Жоғарғы сот