Берденов ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісіне нүкте қойылды. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Айыпталушы Ернар Жиембай өзіне кесілген жазаны жеңілдетуді сұрап, кісі өлтіру ниеті болмағанын айтқан. Ал жәбірленуші тарап шабуылдың алдын ала дайындалғанын дәлелдеп, істі қайта қарауды талап еткен еді. Дегенмен сот екі өтінішті де қанағаттандырмай, алғашқы үкімді күшінде қалдырды.
Енді Берденовтің қарамағындағы бұрынғы қызметкер тоғыз жылын түрмеде өткізеді. Үкім заңды күшіне енді.
Фото: Kazinform; Gov.kz; Pixabay