457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

КГБ мен ГРУ: күлкі шақыратын құпиялық

IMAGE: ©Вася Ложкин

Астана, malim.kz. КГБ мен ГРУ – Советтер одағының сәйкесінше, барлау және әскери барлау органдары болған. Бұл ұйымдарды зор қылып көрсететін де, ақымақ қылып сипаттайтын да жазбалар баршылық. Malim.kz осы органдардың түрлі әдебиеттер мен естеліктерде келтірілген жұмыстарын қысқаша тізіп шықты.

 

Жабық қалалар

Стратегиялық деп есептелетін қалалар (Арзамас-16, Челябі-65, Қазақстанда – Курчатов, т.с.с.) картаға түсірілген жоқ. Бұған қоса, ондай қала тұрғындары өздерінің қайда тұратынын жасыруға міндетті болды. Мұны маңызды іс деуге болар еді. Бірақ стратегиялық қарсылас – АҚШ-та, одақ жерінің ғарыштан түсірілген суреттері болды. Сондықтан ондай құпиялық бекер шара болды деушілер бар.

 

Карта

Совет одағында басылған карта ешқашан шын болған емес. Онда тіпті – жоқ қалалар мен әлдебір нысандар болған. Қызығы, оны ең алдымен ел ішіндегі туристер байқаған: әуесқой жиһанкездер картада көрсетілген елді мекендерді таппай, жиі әуреге түсетін. Дәл сол уақытта, советтер құпия жағдайда бүкіл әлемнің айқын картасын жасаған. Мысалы, АҚШ картасында үйдің қандай материалдан жасалғанына дейін нұсқаған.

 

Шетелдік басылымдар

Шетелдік, әсіресе, ғылыми газет-журналдар зерттеу ұйымдарында қатаң түрдегі есепте тұрды. Алған адам ғимарат ішінде ғана оқуына болады. Оған қоса, кейбір парақтары жоқ болуы мүмкін. Себебі онда нақты ғылыми тақырыпқа қатысы жоқ мақала болуы мүмкін. Ал ондай жазба совет адамын бұрыс ойларға жетелеуі мүмкін.

 

Тіркеудегі машинкалар мен ксерокстар

Барлық мәтін теретін машинкадан сатылар алдында үлгі алынатын болған. Кейін, "белгісіз хат иелерін" тауып алу үшін. Ксерокс аппараттары советтер одағына кеш келді және тек үлкен мекемелерде болды. Бірақ соның өзінде қатаң есепте тұрды.

 

Көше атаулары мен үй нөмірлері

Мұны енді, барып тұрған нағыз қорыну деуге болады. Ірі қалалардың көшелерінде үйлердің нөмірі әдейі шатастырылған. Немесе, кейбір қалада атауы бірдей екі, кейде үш көше болған. Бұл – жау басып кірген жағдайда адасып жүрсін деген ниеттен болыпты.