457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ барлау қызметінің қызметкері құпия мәліметтерді таратпақ болған

АҚШ-тың Вирджиния штатында Қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының (DIA) IT-бөлімінің қызметкері шетелдікке құпия ақпаратты беруге талпынғаны үшін ұсталды, - деп хабарлады malim.kz тілшісі АҚШ-тың Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Сот құжаттарына сәйкес, күдікті – 28 жастағы Нейтан Лаатч. Ол 2019 жылы DIA-ның азаматтық қызметкері ретінде жұмысқа қабылданған. Ол ішкі қауіптермен айналысатын бөлімде жұмыс істеп, "аса құпия" деген белгісі бар материалдарға қол жеткізген.

2025 жылғы наурызда Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) Лаатчтың "достас шетел үкіметіне" құпия ақпарат ұсынбақ болғаны туралы мәлімет алған.

Министрліктің хабарлауынша, Лаатч электрон хаттарының бірінде АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің құндылықтарымен келіспейтінін және сол себепті өз қолындағы құпия ақпаратпен бөлісуге дайын екенін жазған. Бұл мәліметтердің қатарында дайын барлау өнімдері, өңделмеген шикі барлау деректері және өзге де құпия құжаттар болған.

Құпия ақпаратты шетел азаматтығына айырбастау ниеті

Шетел үкіметінің өкілі ретінде өзін таныстырған адам шын мәнінде ФТБ қызметкері Лаатчпен байланыс орнатқан. Үш күн бойы Лаатч жұмыс компьютерінен сыртқы тасымалдаушыға құпия ақпарат көшіріп, оны беру туралы келісімге келген.

7 мамырда, берілген мәліметтерге агенттің қол жеткізгеніне көз жеткізген соң, Лаатч ФТБ қызметкеріне құпия ақпараттың келесі легін беру үшін өзіне азаматтық беруді сұраған. Оның айтуынша, АҚШ-тағы жағдай "ұзақ мерзімді перспективада жақсара қоймайды".

14 мамырда агент Лаатчқа одан әрі құпия ақпаратты алуға дайын екенін хабарлаған. 29 мамыр күні, сол ақпаратты бермек болған сәтте DIA қызметкері қамауға алынды.

 

Фото: Kevin Dietsch/AFP/Getty Images