Бұдан 53 жыл бұрын ұшырылған ғарыш кемесі Жерге құлады

1972 жылы ұшырылған "Космос-482" зымыраны орбитадан шығып, Үнді мұхитына құлады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Роскосмосқа сілтеме жасап.
Аппараттың орбитадан шығуы Жер маңындағы ғарыш кеңістігіндегі қауіпті жағдайлар туралы автоматтандырылған ескерту жүйесінің көмегімен бақыланды.
"Роскосмос" мамандарының есептеулеріне сәйкес, аппарат Мәскеу уақыты бойынша 9:24-те атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, Орта Андаман аралынан 560 шақырым батысқа қарай Үнді мұхитының Джакартадан батысқа қарай орналасқан бөлігіне құлаған.
Аппарат 1972 жылдың көктемінде Венераны зерттеу үшін ұшырылған, алайда үдеткіш блоктың ақауына байланысты Жердің жоғары эллиптикалық орбитасында қалып қойып, біртіндеп планетаға жақындай түскен.
Фото: Борис Кавашкин/ТАСС
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
