457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Фламинго:" Украина 3000 шақырымға ұша алатын зымыранын сынақтан өткізді

Украина ұзақ қашықтыққа арналған «Фламинго» қанатты зымыранын сәтті сынақтан өткізді. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский 20 тамызда Киевте журналистермен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

«Сынақ сәтті өтті. Қазіргі таңда бізде бар зымырандардың ішінде ең табыстысы осы – ол 3000 шақырымға ұшады», – деді Зеленский.

Алайда президент зымыран бағдарламасы туралы толық мәлімет «жүздеген зымыранды қолдану мүмкіндігі пайда болғанша» жарияланбайтынын атап өтті.

Зеленскийдің айтуынша, бұл зымырандарды жаппай өндіру 2026 жылдың соңына дейін немесе 2027 жылдың басында басталуы мүмкін.

«Бағдарламаның табысы мен қаржыландыруына қараймыз», – деді ол.

Бұған дейін Associated Press агенттігінің украиналық фотожурналисі Ефрем Лукацкий Facebook парақшасында «Фламинго» зымыранының суретін жариялаған болатын. Оның мәліметінше, зымыранды Fire Point компаниясы жасап шығарған, әрі ол жерүсті базасында қолдануға арналған.

Фото: Alexander Drago/REUTERS

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған