457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім 25 тәулікке қамалды

Оқиға қаладағы мектеп-лицейлердің бірінде сабақ кезінде болған. Дыбыс шығарып, есікті қатты қаққанға ашуланған ұстаз оқушыға күш қолданып, дене жарақатын салған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жағдай бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2025 жылдың наурызында сабақ өткізіп жатқан мұғалім есікті қатты тақылдатқан оқушыға ашуланып, бірнеше рет ұрып жіберген.

Зардап шеккен баланың ата-анасы мұғалімнің кешірімін қабылдамай, қатаң жаза қолдануды талап еткен. Сот мұғалімнің кінәсін мойындап, өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

Нәтижесінде ұстаз Ураза Хаиитжанов 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Фото: pixabay