Босанған әйелдің қаза табуы бойынша тергеу басталды

Шымкентте босанғаннан кейін көз жұмған 28 жастағы Зарина Сұлтанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
— Аталған жайтқа қатысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айте кетейік, марқұм 20 тамыз күні ұл баланы дүниеге әкелген. Алғашында жағдайы қалыпты болғанымен, көп ұзамай қайтыс болды. Туыстары медициналық бақылау болмағанын айтып, дәрігерлерді кіналап отыр.
Фото: freepik