457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кәрім Мәсімов сарайының жаңа иесі анықталды

Астанадағы сотталған ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовтің сарайы Оқу-ағарту министрлігінің қарамағына берілді, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) Комитеттің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы бұйрығына сәйкес бұл нысан Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығына бекітілгенін растады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының өсуіне байланысты қабылданған.

«Ел бойынша арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының желісін кеңейту туралы шешім қабылданды. Бас орталық Алматыда шоғырланатын болады, ал басқа өңірлерде, оның ішінде Астанада да филиалдар ашылады», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік мұндай қадам «біртұтас ғылыми-әдістемелік базаны қамтамасыз етіп, мамандар, ата-аналар мен балалар үшін қолайлы жағдай жасайтынын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін» атап өтті.

«Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда ұлттық деңгейде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы заң дайындалып жатыр», – деп толықтырды министрлік.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың сәуірінде ҚАБК Астанадағы Кәрім Мәсімовтің особнягі әлеуметтік қажеттіліктер үшін пайдаланылатынын хабарлаған болатын.

Бұған дейін Кәрім Мәсімовтің бағалы заттары сатылымға қойылған еді.

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz