457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Карим Мәсімовтің бағалы заттары сатылымға қойылды

Экс-ҰҚК төрағасы Карим Мәсімовке тиесілі зәулім сарайдан табылған бағалы бұйымдар аукционға қойылды, деп хабарлайды Malim.kz Қайтарылған активтерді басқару компаниясына сілтеме жасап.

Саудаға қойылған мүліктің ішінде:

зергерлік бұйымдар мен бижутерия – 139 мың теңгеге бағаланған 15 дана;

сувенирлік монеталар мен қаламдар – жалпы құны 8,6 млн теңге болатын 32 дана;

былғары белдік пен суық қару – 6 млн теңгеге бағаланған 26 дана бар.

Барлық лоттардың бастапқы жалпы құны — 14,8 млн теңге.

Аукционға ұсынылған заттардың ішінде ерекше көзге түсетіні:

Montegrappa Italia жазуы бар қалам – 628 мың теңге;

Viskonti Firenze маркалы сувенирлік қалам – 575 мың теңге;

Елизавета II бейнеленген алтын монеталар — кенгуру мен айдаһар суреттері бар, тиісінше 1,3 және 3 млн теңгеге бағаланған.

Сонымен қатар, саудаға 10 сабля қойылды. Ең қымбаттарының бағасы – 1,1 және 1,3 млн теңге. Бір сабляның жүзінде сары металдан жасалған күрделі өрнекті қаптама бар. Клиноктары болаттан соғылған.

Лоттар қатарында “Айбалта” деп аталған бірнеше балта да бар. Олардың бірі Карим Мәсімовке сыйға тартылған болуы мүмкін – сабында сый жасаушылардың есімдері мен естелік күн қашалып жазылған.

Бұл бұйымдардың барлығы Мәсімовке тиесілі сарай мүлкі тізіміне енеді. Аукцион 15 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді. Қатысуға кез келген адам өтініш бере алады.

Фото: Қайтарылған активтерді басқару компаниясы