457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда 12 азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды

Қазақстан азаматы лаңкестік ұйымға қосылу мақсатында шетелге кетіп бара жатқан жерінен ұсталып, сотталып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, тамыз айының өзінде Қазақстанда 12 азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды.

Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.

«Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Фото: istockphoto.com