457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Перизат Қайратқа 10 жыл түрме жазасы сұралды

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, ал оның анасы Ғани Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайрат ісі бойынша жаза мерзімін ұсынды. Прокурор Арман Кезекен соттан келесі жазаларды сұрады:

  • Перизат Қайратқа – 10 жыл бас бостандығынан айыру,
  • Ғани Алашбаеваға – 8 жыл бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ, прокурорлар айыпталушылардың қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеп, бұл қаражатты жәбірленушілерге беруді талап етті.

Перизат Қайраттың жауап алу процесі жабық өтті, оған БАҚ өкілдері қатыстырылмады. Ал Ғани Алашбаева жауап беруден бас тартты.

Айыпталушыларға мынадай Қылмыстық кодекс баптары бойынша айып тағылған:

  • 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ – "Өте ірі көлемде жасалған алаяқтық",
  • 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ – "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруы",
  • 218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ – "Өте ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру".

Еске салайық, Перизат Қайрат – Қазақстанда қоғам белсендісі және кәсіпкер ретінде танымал. Ол 2021 жылдың маусымында құрылған қайырымдылық қорының негізін қалаған.

2024 жылғы қарашада ол 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған бұл қаражаттың бір бөлігі жеке қажеттіліктерге – элиталық жылжымайтын мүлік, автокөлік және қымбат саяхаттар сатып алуға жұмсалған.

Фото: Informburo.kz