freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мамалап тұрады": Марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы ел естімеген жайтты айтып, жұртты жылатты (ВИДЕО)

Қоғам
"Мамалап тұрады": Марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы ел естімеген жайтты айтып, жұртты жылатты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Қазақ театр және кино өнерінің абызы атанған марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдат Әшімова 8 наурыз күні Әшімовтер әулетінің зиратына барып, бата қылғанын айтты. 

"Бүгін 8 наурыз. Апамның туған күні. Бүгін сол кісілердің басына келдік. Мәди, Сағи, Айжан, Майра тәте... Жатқан жерлері жайлы болсын!" – деді Бағдат Әшімова.

Сондай-ақ өзі желідегі парақшасында жариялаған видеода Асанәлі Әшімовтің шәкірттері келіп, ән шырқағанын, өзінің тебіреніп, толқығанын жазды.

"Асекенімнің шәкірттері көңілімді аулап, мамалап тұрады. Мың алғыс. Бүгін Асекеңнің анасының туған күні", – деп жазды ол.

Бұған дейін марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарға қатысып, өмірлік жары туралы естелігін бөліскенін жазған едік.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, режиссер әрі профессор ретінде елге кеңінен танылған тұлға.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жайылма ауылында дүниеге келген. 1956-1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінде білім алып, актер мамандығын меңгерді.

Өнер жолын ол "Қазақфильм" киностудиясында бастап, кейіннен 1963 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында актер әрі режиссер ретінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Асанәлі Әшімов қазақ киносы мен театрының дамуына зор үлес қосып, ұлттық өнерді халықаралық деңгейде танытқан белгілі актерлердің бірі болды.

Өнердегі табысты еңбегі үшін ол көптеген беделді марапаттар мен атақтарға ие болды. Атап айтқанда, 1973 жылы "Атаманның ақыры" фильміндегі рөлі үшін Күләш Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 1974 жылы театр саласындағы жетістіктері үшін тағы бір Мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды.

1978 жылы оған Қазақ КСР халық әртісі, ал 1980 жылы КСРО халық әртісі атағы берілді. Кейінгі жылдары да өнердегі еңбегі жоғары бағаланып, 2000 жылы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығымен, 2001 жылы "Отан" орденімен марапатталды. Сонымен қатар 2002 жылы Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу