Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мақсат Толықбай Парламенттен кетеді

Саясат
Мақсат Толықбай Парламенттен кетеді

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Парламенттен кетеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздер мәліметінше, Толықбай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалмақ. Ол идеология бойынша жұмысты бақылайды деп күтілуде. Бұл сыбысты шымкенттік блогерлердің бірі Олжас Мамыр да растағандай.

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары Мақсат Толықбай болуға әбден лайықты. Себебі оны лайықты санайтындар көп, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Максат Толықбайдың жасы 36-да, Шығыс Қазақстан облысында туған. Көп жыл бойы бірқатар телеарнада жұмыс істеген. Ал 2023 жылы «Аманат» партиясының атынан Мәжіліске депутат болып сайланды.  

Фото: Мақсат Толықбайдың жеке парақшасынан 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу