freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мексикада Димаштың 4,5 метрлік мүсіні әуе шарларынан жасалды

Мәдениет
Мексикада Димаштың 4,5 метрлік мүсіні әуе шарларынан жасалды
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жанкүйерлері Латын Америкасындағы концерттік тур қарсаңында ерекше сый жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мексикалық Dears қауымдастығының мүшесі, әуе шарларынан көркем мүсіндер жасайтын суретші Ольга Лидия Эрнандес шығармашылық тобымен және Dimash & Dears Regias фан-клубының қатысушыларымен бірлесіп, әншінің биіктігі 4,5 метр болатын мүсінін жасады.

Ерекше композиция толықтай түрлі түсті әуе шарларынан құрастырылған. Жоба Димаштың шығармашылығына деген құрмет пен қолдаудың белгісі ретінде әзірленіп, әлеуметтік желілерде жанкүйерлердің қызу талқысына түсті.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы концерттік туры аясында бірнеше елде өнер көрсетуі жоспарланған. Әншінің Мексикадағы жанкүйерлері оның шығармашылығына деген сүйіспеншілігін осындай ерекше өнер туындысы арқылы білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу