freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет басшысы Кипр Президентін қарсы алды

Саясат
Мемлекет басшысы Кипр Президентін қарсы алды
Ақорда

Елордада Кипр Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға алғашқы ресми сапары басталды.


Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанатпен қарсы алды. Қос тарап саяси диалогты нығайту, сауда мен инвестицияны ұлғайту, көлік байланыстарын дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.

Кипр президентін қарсы алу рәсіміне орай Тәуелсіздік сарайында Құрмет қарауылы сап түзеді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік Әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис Мемлекеттік Ту орналасқан жерге кілеммен жүріп өтті. Бұдан кейін екі мемлекет басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Кипр арасындағы түрлі салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу