freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мұндай өнері барын білмеппін": Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші әйелі туралы құпиясын айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Мұндай өнері барын білмеппін": Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші әйелі туралы құпиясын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жас жары Муминаның өнерін көрсеткен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода әншінің жұбайы домбырада күй орындап отыр. Ал Жігер Ауыпбаев оның өнеріне таңданысын жасыра алмай, сүйсіне қарап отырғанын көруге болады.

Өнер иесі жарының мұндай қабілеті бар екенін бұрын білмегенін айтты.

"Я в шоке... Бұндай өнері бар екенін білмеппін. Келіндеріңіз күнне-күнге жаңа қырларын көрсетіп жатыр. Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай ғана өнерін бағалай отырыңыздар", – деп жазды әнші.

Бейнежазба желі қолданушыларының да назарын аударды. Оқырмандар Муминаның домбыра тарту шеберлігіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Еске сала кетейік, Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне сөз салған сәтінен видео бөліскен. Сондай-ақ Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен бірге түскен видеоны жариялап, көптің назарын өзіне аударған.

Жігер Ауыпбаев кім?

Жігер Ауыпбаев – қазақ эстрадасында лирикалық әндерімен және өзіндік орындаушылық мәнерімен танылған әнші. Ол 1987 жылғы 3 мамырда Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Кеген ауылында дүниеге келген.

Бала кезінен музыкаға қызығушылық танытқан өнер иесі 2005 жылы туған ауылындағы мектепті тәмамдады. Кейін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде білім алып, кәсіби өнер жолына қадам басты.

Оқу орнында Жігер Ауыпбаев вокал, актерлік шеберлік және сахна мәдениеті бағыттарын меңгерді. Оның көпшілікке кеңінен танылуына 2007 жылы құрылған "Меломен"" тобы ықпал етті.

Әнші аталған ұжым құрамында Қайрат Мырзаханов, Ролан Қазретов және Ғабит Әбілдаевпен бірге өнер көрсетті. Қазақ тіліндегі әуезді әндерді орындаған топ аз уақыттың ішінде тыңдарман ықыласына бөленді.

"Меломеннің" "О, махаббат", "Арман шағала", "Келеді кездескім" секілді шығармалары кезінде кеңінен тарап, танымал әндердің қатарына енді. Топтағы өнер жолы Жігер Ауыпбаевтың сахналық тәжірибесін арттырып, вокалдық мүмкіндігін танытуына жол ашты.

Кейін ол ұжымнан кетіп, жеке шығармашылыққа бет бұрды. Әнші жеке орындаушы ретінде негізінен лирикалық бағыттағы туындыларды таңдады. Оның әндерінде махаббат, сағыныш, достық, өмірлік толғаныс және адамдық сезімдер жиі айтылады.

Өнер иесінің репертуарында "Жоғал әрі", "Ұлың маған ұқсаған", "Көкжалдар рухы", "Кішкентай қыз", "Жаман досым" секілді әндер бар. Оның орындау мәнерінде заманауи эстрадалық әуен мен ұлттық нақыш өзара үйлесім тапқан.

Жігер Ауыпбаев сезімге толы шығармаларды шынайы орындауымен ерекшеленеді. Ол "Меломен" тобының мүшесі ретінде де, жеке әнші ретінде де өз тыңдарманын қалыптастыра алды.

Бүгінде Жігер Ауыпбаев қазақ эстрадасындағы танымал өнер иелерінің бірі саналады. Ол шығармашылығын жалғастырып, заманауи лирикалық әндердің орындаушысы ретінде көрермен ықыласына бөленіп келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу