freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Енді жасыратын ештеңе қалмады": Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Енді жасыратын ештеңе қалмады": Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын көпшілікке жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне сөз салған сәтінен видео бөлісті. Әнші бұл жазбаны жариялау туралы ұзақ ойланғанын, алайда енді ештеңені жасырмайтынын айтты.

"Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым. Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады", – деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Сонымен қатар әнші болашақ жарына арнап әсерлі өлең жолдарын жариялады.

"Сендей сұлу болмайды екен маралым,
Нұрлы бақта өскен гүл.
Судан таза, сүттен аппақ адалым,
Құшағыма қош келдің!" – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жас жұпқа бақыт пен береке тілеп жатыр.

Еске сала кетейік, Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен бірге түскен видеоны жариялап, көптің назарын өзіне аударған. Сондай-ақ Жігер Ауыпбаев өзінің інісіне салоннан су жаңа көліктің кілтін табыстаған еді.

Жігер Ауыпбаев кім?

Жігер Ауыпбаев – қазақ эстрадасында танылған әнші, көпшілікке әуезді әндерімен және ерекше орындау мәнерімен белгілі өнер иесі. Ол 1987 жылы 3 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында дүниеге келген.

Болашақ әнші қарапайым отбасында өсіп, бала кезінен өнерге жақын болды. 2005 жылы Кеген ауылындағы мектепті тәмамдап, кейін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде білім алған. Колледж қабырғасында ол вокалмен қатар сахна мәдениетін, актерлік шеберлік пен өнерге қажетті кәсіби дағдыларды меңгерді. Жігер Ауыпбаевтың көпшілікке кеңінен танылуына 2007 жылы құрылған "Меломен" тобы үлкен әсер етті. Бұл топта ол Қайрат Мырзаханов, Ролан Қазретов және Ғабит Әбілдаевпен бірге өнер көрсетті. "Меломен" тобы қазақ тілінде ән айтып, қысқа уақыт ішінде тыңдарманның сүйікті ұжымдарының біріне айналды. Топтың "О махаббат", "Арман шағала", "Келеді кездескім" секілді әндері кезінде хитке айналып, көпшілік арасында кең тарады. Жігер Ауыпбаев осы ұжым арқылы сахналық тәжірибесін шыңдап, вокалдық мүмкіндігін танытты. Кейін ол топ құрамынан шығып, жеке шығармашылығын дамытуға кірісті.

Жеке орындаушы ретінде Жігер лирикалық бағыттағы әндерге көбірек ден қойды. Оның репертуарында махаббат, сағыныш, өмір, адамдық сезім мен ішкі толғаныс тақырыптары жиі кездеседі. Музыкалық платформаларда оның "Жоғал әрі", "Ұлың маған ұқсаған", "Көкжалдар рухы", "Кішкентай қыз", "Жаман досым" сияқты туындылары бар. Әншінің орындау мәнерінде эстрадалық вокал мен қазақы әуез үйлесіп жатады. Ол сахнада көбіне сезімге құрылған әндерді шынайы жеткізуімен ерекшеленеді. Жігер Ауыпбаевтың шығармашылығы қазақ эстрадасындағы заманауи лирикалық бағыттың бір бөлігі ретінде бағаланады. Өнер жолында ол топтық форматта да, жеке әнші ретінде де өзіндік тыңдарманын қалыптастырды. Бүгінде Жігер Ауыпбаев қазақ шоу-бизнесіндегі есімі көпшілікке таныс, шығармашылығын жалғастырып келе жатқан әншілердің бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу