freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өмірінде алтыннан басқа медаль алмаған үш дүркін Олимпиада чемпион өмірден өтті

Спорт •
Өмірінде алтыннан басқа медаль алмаған үш дүркін Олимпиада чемпион өмірден өтті

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл ақпаратты Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады. Марқұм ұзақ уақыт сырқаттанған.

Даңқты спортшы 1996 жылы Атлантада, 2004 жылы Афиныда және 2008 жылы Бейжіңде 74 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.

Ол сондай-ақ алты дүркін әлем чемпионы, бірнеше рет Ресей чемпионаттарында жеңіске жеткен, 1998 жылы Ізгі ниет ойындарының және 2008 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы.

Фото: TOSHIFUMI KITAMURA/AFP via Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу