Блогер елдегі дін қызметкерлерінің де табысын тексеруді ұсынды

Сабина Асқарқызы

  • 20.02.2025

Әлеуметтік желі белсендісі, вайнер Алексей Лодочников блогерлермен бірге дін қызметкерлерінің де табысын тексеруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогер Instagram желісінде видео жариялап, мемлекеттік кірістер комитеті жүргізіп жатқан тексерісті қолдайтынын мәлімдеді.

Кешеден бері көріп жатырмыз. Еліміздегі блогерлерді салық комитеті тексеріп жатыр. Кім қанша салық төлемегенін, қанша қарызы барын біліп жатырмыз. Менің ойымша, дұрыс болды. Себебі, блогерлердің шалқып жүргеніне қанша уақыт болды. Барлығы конкурстан басталды. Сосын гив, марафон, лоторея кетті. Тіпті олардың арасында букмекерлік ұйымдарды жарнамалайтындар да бар. Мен өзім блогер болғаннан кейін оның қандай табыс әкелетінін білемін. Менің осы сөзімнен кейін сен де блогерсің ғой, неге бұлай сөйлеп отырсың дейтіндер табылады. Мен өз басым тазамын. Керек болса, қызық болса, барып тексерсін. Ондаған көлік пен пәтерім жоқ. Оны оқырмандарым, таныстарым, достарым біледі. Тізімде бар блогерлер мемлекеттік кірістер комитеті дұрыс есеп жүргізбеген деген сыңайдағы видеолар жариялай бастады. Қайта тексеріңдер деп жатыр. Сол видеоларды көріп, одан да халықтың мұңын осылай жеткізсе ғой деп ойладым. Шынымен де дұрыс емес болса дәлелдеуге болады ғой. Салықты бәріміз уақытылы төлеуіміз керек, - дейді Алексей Лодочников.

Сондай-ақ ол имамдар мен шіркеудегі дін қызметкерлерінің де «көрсетпей» жүрген табысын тексеруді ұсынды. 

Қазір маған хейт болатынын білсем де, көп адамның ойында жүрген бір дүние айтамын. Блогерлермен бірге қазір имамдар мен шіркеудегі свещенниктердің де табысын тексеру керек. Бәрін емес. Бірақ, тұсаукесер, той болсын, жалпы көп жиындарға имамдар қатысады. Олар Алла разылығы үшін деп тегін келмейді. Мүмкін, ондайлар да бар шығар. Дегенмен, олар аз. Қазір Алланың атын жамылып, ақша тауып жатқандар көп. Соларды тексеру керек, — дейді блогер.

 Фото: assembly.kz

Байланысты жаналықтар

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025
MalimBlocks
Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды