Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Оқушы сияқтысыз». Төрт баланың анасы Салтанат Бақаева оқырманын таңғалдырды

Шоу-бизнес
«Оқушы сияқтысыз». Төрт баланың анасы Салтанат Бақаева оқырманын таңғалдырды

36 жастағы қазақстандық актриса әрі әнші Салтанат Бақаева әлеуметтік желіде суреттерін жариялап, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір мезетте 10 жылға жасартатын, кейде, керісінше, қартайтатын қызыққа толы кино әлемі. Қалай ойлайсыздар, жасардым ба? – деп сұрады Салтанат оқырмандарынан.

Суретте төрт баланың анасы өзеннің жағасында отыр. Үстіне жейде, ашық түсті джинс шалбары және ақ кеды киген.

Оқырман көпбалалы ананың осыншалықты жас көрінетінін, тіпті оқушыға ұқсап қалғанын жазып жатыр.

«Сұлу ана», «Құдды мектеп түлегі секілдісіз, сондай жап-жас», «Кішкентай қыз секілді», «Мүлде өзгермегенсіз», «Табиғи сұлу», «Мектеп бітіруіңізбен», «Сіз ешқашан өзгермейсіз-ау», - деп жазған көпшілік.

Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу