freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Орамал тақпа, сәлем салмай-ақ қой": Әнші Жазира Байырбекова келіні туралы ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Орамал тақпа, сәлем салмай-ақ қой": Әнші Жазира Байырбекова келіні туралы ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Жазира Байырбекова тойдан кейін отбасындағы қызықты сәттерін бөлісіп, келіні Асылыға қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі келін түсіргендегі әсерін жасырмай, бұл сәттің өзі үшін ерекше қуаныш болғанын айтты.

"Керемет сезім. Тек Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген ғой. "Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады", – дедім. Біз де, олар да қыдырмпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, 3 тіл біледі одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуінің кәсіптерін істесін деймін. Үйде орамал тақса далаға шығатын кезде басылып қалады. Тақпай-ақ қойсыншы десем папасы жұқа орамал жоқ па? дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең шашың жатып қалатын. Оны қайтадан жуу керек болатын", – деп әншінің сөзін келтіреді ozgeris.info сайты.

Өнер иесінің бұл пікірі желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты. Көпшілік оны түсіністік танытатын, заманауи көзқарастағы ене ретінде бағалады.

Пікір қалдырушылардың арасында "Сіздей ене бұйырсын", "Сіз сияқты ене боламын" деген жылы лебіздер жиі жазылған.

Айта кетейік, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі үлгілі жұптардың бірі. Олар өнер жолын студенттік шақтан бірге бастап, талай сынақтан өтіп, бүгінгі күні халық сүйіспеншілігіне ие болған, сахнада да, өмірде де үйлесім тапқан өнер иелері ретінде танылған.

Бұған дейін танымал әнші Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы Жәмила Төлегенова әлеуметтік желіде Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова жұбының болашақ келіндерінің өздеріне қандай туыстық қатысы бар екенін түсіндіріп өткен еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу