freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім": Тұңғышбай Жаманқұлов ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім": Тұңғышбай Жаманқұлов ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дәрия Жүсіп

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен қалай танысып, шаңырақ көтергені туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі 2020 жылы "Қарақатпен шай" бағдарламасында қазіргі жарының өзінің шәкірті болғанын жасырмаған еді. Актердің сөзінше, Дәрияға деген сезімі бірте-бірте тереңдеп, кейін үлкен махаббатқа ұласқан.

"Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер жұбайына деген сезімін ерекше ықыласпен жеткізіп, отбасылық өміріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол адам жүрегіне әмір жүрмейтінін айтып, өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін екенін де әзілмен жеткізді.

Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов театр актрисасы әрі педагог Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен отбасын құрған. Қазір ерлі-зайыпты екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Тұңғышбай Жаманқұлов туралы

Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов – қазақ театр және кино өнерінде өзіндік орны бар белгілі актер, режиссер әрі театр педагогы. Ол 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Болашақ өнер иесі жастайынан сахна өнеріне қызығып, актерлік бағытты өмірлік жолы ретінде таңдады.

1970 жылы студент кезінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тәмамдады. Оның ұстазы КСРО халық әртісі, профессор Хадиша Бөкеева болды. Сахнада ол ұлттық мінезді, терең психологиялық болмысты және тарихи тұлғалардың күрделі бейнесін шебер сомдады. Мұхтар Әуезов театрының сахнасында Бақтығұл, Сырым, Абылай хан, Әбутәліп, Жалмұхан секілді көптеген есте қаларлық рөлдерді орындады. Бұл рөлдер актердің кең тынысты, ішкі қуаты мол және кәсіби шеберлігі жоғары өнер иесі екенін көрсетті.

Жаманқұлов қазақ театрындағы ұлттық актерлік мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Ол сахнада драма, мелодрама және комедия жанрларында бірдей еркін ойнай алған санаулы актерлердің бірі саналады.

Кино саласында да Чекист, Тәңірберген, Әбілқайыр, Қайырхан, Құнанбай сияқты бейнелерді сомдап, көрерменнің ықыласына бөленді. "Отырардың күйреуі" фильміндегі Қайырхан рөлі үшін 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Ол тек актер емес, режиссер ретінде де отандық театр өнерінің дамуына үлес қосты. 1993-2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 

Еңбегі үшін ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Парасат және Достық ордендерінің иегері атанды. Жамбыл облысы мен Байзақ ауданының құрметті азаматы ретінде де ел құрметіне бөленді. Жеке өмірінде ол актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіппен отбасын құрған, ал шығармашылық жолы қазақ өнерінің тарихында айрықша бағаланатын тұлғалардың бірі болып қала береді.

Еске сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұловтың  өнердегі әріптесі марқұм Асанәлі Әшімовті жоқтап жазған жазбасы көпшілікті ойландырған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу