Әшімбаев "ашаршылықты саясиландырудың қажеті жоқ" деп есептейді

Malim Админ

  • 16.02.2021

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «ашаршылықты саясиландырудың қажеті жоқ» екенін айтты. Оның сөзінше, ашаршылықты бір ғана ұлтқа жасалған қылмыс деп айтуға келмейді.  

Нұр-Сұлтан қаласында өткен 1921-1922 жылғы ашаршылық пен 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың 90 жылдығына арналған жиында сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеме жасады. Онда ол ашаршылық Кеңес Одағының құрамында болған елдердің барлығында болғанын, оның барша адамзатқа жасалған алапат гуманитарлық қасірет екенін айта келе, ашаршылық тақырыбын саясиландырмау керек екенін мәлімдеді.

«Сондықтан, ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал. Осы мақсатта шетел ғалымдарымен де бірлесіп жұмыс істеу маңызды. Міне, осындай кешенді жұмыстар арқылы ғана біз ашаршылық тақырыбына әділ баға бере аламыз деп ойлаймын», - деді Әшімбаев. 

Әшімбаевтың сөзінше, ашаршылықты бір ғана ұлтқа қарата жасалған қылмыс деп айтуға келмейді. Ол сол кездегі билік жүйесінің саяси қателігі.

«Соның салдарынан Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Осы тұрғыдан алғанда, аштықты белгілі бір ұлтқа қарата жасалған қылмыс деп айтуға келмейтін шығар. Бұл – ең алдымен, сол кездегі билік жүйесінің қате саясатының ауыр салдары», - деді сенат спикері.

Байланысты жаналықтар

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

07.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

08.04.2025

Парламент ғимаратында тосын жағдай болды

06.04.2025

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

08.02.2025

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев

06.02.2025
MalimBlocks
Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады

Парламент ғимаратында тосын жағдай болды

Канада астанасы Оттавада бір ер адам парламент ғимаратына кіріп, іштен бекініп алған

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев