Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

Саяси белсенді Мұхтар Тайжан Жер қорғаны партиясын құратыны туралы хабарлады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 16.03.2022

«Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік - яғни бүгінгі залында отырғандардың - Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек. Ол үшін біз - ел мен ұлт жанашырлары - жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп - билікке келуіміз қажет!» - деп жазды Тайжан.

Ол партияның атын Жер қорғаны деп қойғанын айтып, «партияның» сайтына сілтеме берді. Партияның сайтында олардың мақсаттары жазылған. 10 мақсаттың барлығы толығымен жерге байланысты: шетелдіктерге жер бермеу, жалдау үшін ашық конкурс өткізу деген сарында. Басқа бағыттағы саяси-әлеуметтік немесе экономикалық мақсаттар қойылмаған. Тайжан биыл сайлау болған жағдайда өз партиясы сол сайлауға қатысатынын да жаза кетті. Үндеуіне қоса жариялаған видеода белсенді өзінің Жаңаөзенде екенін және ондағы жастардың жұмыссыз жүргені туралы айтқан.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Президент партия құрамында болмауы керек

Айта кетейік, бүгін Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияларды тіркеу үшін қажет қолдар санын 20 мыңнан 5 мыңға, бастамашы топ санын 2000 адамнан 700 адамға түсіру туралы айтқан болатын.

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды