457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев: Президент партия құрамында болмауы керек

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауын жариялады.

Тоқаев бүгінгі жолдауында президент өкілеттілігі жүріп тұрған уақыт аралығында партия құрамында болмауы керектігін айтты. 

– Мен заңнамалық түрде өзімнің президенттік өкілеттігім кезеңінде партияға мүшелікті тоқтату міндетін рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да партия құрамында болмайды.

– Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдары басшылығында болуға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпжақты партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Тоқаев.

Жолдауда айтылған өзге де ұсыныстар:

  • Орталық сайлау комиссиясы, конституциялық кеңес мүшелері және әкімдерге де партиядан шығару ұсынылды;
  • Президентті аудан және ауыл әкімдерін тағайындау құқығынан айыру;
  • Президент сенаттағы 15 емес, 10 депутатты тағайындауы керек;
  • Мәжілістегі халық ассамблеясы атынған сайланған депутаттар сенатқа көшіріліп, саны 9-дан 5-ке дейін азаяды.
  • Партияны тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға төмендету;
  • "Республикалық бюджеттің сапалы орындалуын бақылауды" күшейту мақсатында Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады;
  • Партияларды тіркеу үшін қажет қолдар саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін азаюы қажет, ал партия құру үшін бастама топ кемінде 700 адамнан (қазір 2 мың) құралуы тиіс;
  • Конституциялық сот құру;
  • Қазақстанда ұлттық қоғамдық сенім кенесінің орнына ұлттық құрылтай құру;
  • Әкімдердің үштен артық орынбасары болмауы тиіс;
  • Алматы облысын екіге бөлу: Алматы (орталығы - Қапшағай қ.) және Жетісу (орталығы - Талдықорған қ.);
  • БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу;
  • Семей аумағында Абай, Жезқазғанда Ұлытау облысын құру;

Биыл Қаңтар көтерілісінен кейінгі мәлімдемелерінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы наурыз айында саяси реформалар пакетін ұсынатынын хабарлаған еді. Алайда ол БАҚ-қа берген сұқбатында "түбегейлі өзгерістер болмайтынын" мәлімдеді.