«Nur Otan»-ның Болгариядағы бөлімшесі: Қара теңіздегі қарағандылық шенділер

Malim Админ

  • 12.04.2021

Қарағандыда жыл он екі ай кеншілерден кем жұмыс істемейтін «Nur Otan» партиясының депутаттары қайда барып демалады деп ойлайсыз? Бурабай дейсіз бе? Дәл таптыңыз, Болгарияға барады.

Қарағанды шенділері Қара теңіздің жағасында орналасқан Әулие-Влас (Свети-Влас) қалашығында қыдырғанды ерекше жақсы көре ме, жоқ әлде әулиелердің аруағынан аттап өтпейтін қазақы дәстүрді қатты ұстана ма, белгісіз. Әйтеуір, ақшаның көзіне қарамай, осы курорттан жапа-тармағай пәтер алған.

Жақында «Выход к морю» телеграм каналы Әулие-Властағы «Олимп» тұрғын үй кешеніндегі «nur otan»-дық депутаттарға тиесілі пәтерлердің тізімін жариялады. Он пәтер құны 52 мың еуродан басталады. Ал 3 жатын бөлмесі бар үйді алғыңыз келсе небәрі 122 мың еуроға шығындаласыз. Кешен 2014 жылы пайдалануға берілген. Дәл осы жылы Қарғанады облысы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Мағзұмов Арыстан Ғазизұлы тұрғын үй кешенінің бірінші блогының 5 қабатынан пәтер сатып алған. Оған өзінен бөлек, әйелі Динара, қызы Аида және ұлы Дамирәли тіркеуге тұрған.

Бұдан бөлек, 2014 жылдың тамыз айында «Олимп» кешенінен Қарағанды қалалық мәслихатының 5 және 6  шақырылымының депутаты болған Болат Кенжиннің әйелі Роза Кенжин (Мағзұмовтан бір қабат төменнен) пәтер сатып алған. 2017 жылы Болат Кенжин 2001 жылға дейін құрылтайшыларының бірі болған ЖШС «Геолог»-тың 200 мың теңге салық төлемеуіне байланысты дауға қалған. Бастапқыда салықтан басталған даудың аяғы жалған құжат дайындаумен аяқталған. Бірақ ол мүлде бөлек тақырып...

Роза Кенжинмен қатар 2014 жылдың тамыз қарағандылық тағы бір депутат (2,3,4,5 шақырылым) Андрей Лепекоршев «Олимп»-тің екінші болгының бірінші қабатынан пәтер сатып алған. Үй иелері қатарында әйелі Татьяна мен қызы Екатерина бар. 2014 жылдың қараша айында Лепекоршев «тұрғылықты мекенжайын ауысыруына байланысты» депутаттық мандатын өз еркімен тапсырған.

Арада бір ай өткенде  дәл осы кешеннің бірінші болгынан тағы бір қарағандылық депутат (5,6 шақырылым) Наталья Мальчушкина пәтер алған. Ол қалалық мәслихаттың кәсіпкерлік және инвестициялық климат мәселелері бойынша комиссия мүшесі болған.

2015 жылдың шілдесінде «Nur Otan» партиясының «болгариялық бөлімшесінің» қатарына билік партиясының Қарағанды облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі  Георгий Прокоп қосылды. Бірақ Прокоп пәтерін әріптестері сияқты «Олимп»-тен емес, көршілес орналасқан «Каскадас» тұрғын үй кешенінің 6 қабатынан алған...

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Жұманғаринге Маск емес, Ошақбаев кеңес бергісі келген

07.02.2025

USAID жабылды. Америка грантынан айырылған ұйымдар не істейді?

07.02.2025

"20 пайыз тым көп". Тоқаев үкіметке қайта қарауды ұсынды

07.02.2025

Өзбекстан Гүлнара Кәрімованың Швейцариядағы ақшасын қайтарып алатын болды

07.02.2025

Қырғызстан: экс-министр мен оның ұлы 8 жылға сотталды

07.02.2025

Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді

06.02.2025
MalimBlocks
Жұманғаринге Маск емес, Ошақбаев кеңес бергісі келген

Байқағанымыздай, Жұманғаринге Илон Маск секілді кеңес бергісі келген адам – Рахым Ошақбаев екен.

USAID жабылды. Америка грантынан айырылған ұйымдар не істейді?

"20 пайыз тым көп". Тоқаев үкіметке қайта қарауды ұсынды

Тоқаев: Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары

Өзбекстан Гүлнара Кәрімованың Швейцариядағы ақшасын қайтарып алатын болды

6 ақпанда қол қойылған келісім аясында 182 миллион доллар көлеміндегі қаражат Швейцариядан Өзбекстанға аударылады.

Қырғызстан: экс-министр мен оның ұлы 8 жылға сотталды

Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді