Қаңтарды зерттеуге тапсырыс алғандар қанша қаржы алғандарын айтпады

Шетелдік спикерлердің қатысуымен 20 қаңтарда Алматыда екі жиын өтті.

  • 20.01.2023

Біріншісі, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Алматыда брифинг өткізді.  Жиын басында елші  түрлі қысым көріп жатқан журналистердің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ, Қаңтар оқиғасынан бастап, елден кеткен Макдональдсқа дейінгі қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дэниел Розенблюмнің айтуынша, ол Қазақстан билік өкілдерімен жүздескен сайын Қаңтардың жағдайын талқылап, сөйлесіп жүр екен. Бірақ, «ресми кездесу болған соң ондағы әңгіменің бүге-шігесіне дейін айта алмаймын» деді ол.

-Қаңтардан кейін біз басқа да өркениетті мемлекеттермен қатар әділ, транспарентті тергеу жүруін талап еттік. Талап етіп айтып та жүрміз. Енді, тергеу нәтижесін күтіп отырмыз. Ал сіз сұраған халықаралық тергеуге келсек, ол мемлекеттің өз еркіндегі шаруа. Бұл жағдайда Қазақстан оған жүгінген жоқ, - деді елші қаңтарға қатысты сұраққа.  

Бір қызығы, дәл осы сәтте Алматының екінші бұрышында Британ парламентарийлерінің комиссиясы деп аталған бір топ баспасөз мәслихатын өткізіп жатты.

(скриншорт)

Олар Қазақстанға келген едік, ешбір ресми орын бізбен кездеспей қойды деп сөз бастады. Сосын, тәуелсіз есептерін бәрібір жариялайтындарын (қашан екенін нақтыламады) айтып өтті.

«Бізді барынша мазалайтыны, ол ертеректе бізге Мамай мырзамен кездесуімізге рұқсат берген сот, өзінің ол шешімінен бас тартты. Мұнысы қазақ билігінің талабын орындағаны болар деп ойлаймыз. Біз бұл әрекеттерді өзімізді сыйламағандық деп санаймыз. Соған қарамастан, біз азаматтық қоғамының өкілдерімен, 2022 жылғы қаңтар оқиғасының куәгерлерімен, сонымен бірге, Мамай мырзаны қамауға алған және оның қамауда отырған куәгерлерімен кездесулерді жалғастырамыз және осы істерде өзімізге қажет дәлел-дәйектер қолымызға тиіп жатыр. Қазақ билігінің мұндай әрекеттеріне қарамастан, біз жұмысымызды соңына дейін жеткізіп, Мамай мырзаға қатысты нақты дәлелдерге сүйене отырып жасалған тәуелсіз есебімізді дайындап шығамыз»,– деді комиссия төрағасы Лорд Макдональд.

Осы комиссияның елге келе жатқанын әу баста белсенді Инга Иманбай хабарлаған болатын. Оның айтуынша, комиссия Қаңтар қырғыны және күйеуі Жанболат Мамайға қатысты тексеру жүргізеді деген.

Алайда, кейіннен Ұлыбритания елшілігі осы жағдайға түсініктеме беріп, бұл комиссияның Ұлыбритания парламентіне еш қатысы жоқтығын мәлімдеді.

«Тергеу комиссиясын британиялық Bindmans LLP заң компаниясы ашқан. Комиссия құрамына Ұлыбритания парламенті мен Үкіметінің ұстанымын білдірмейтін депутаттарды қосып алған, олар жеке және тәуелсіз тұлға ретінде ғана келе жатыр» деген болатын елшілік.

Сыртқы істер министрлігіміз де қарап қалмады.

«Ұлыбританияның хабарлауынша,  әлгі комиссия дейтін комиссия сол елдің не үкіметіне, не парламентіне қатысы жоқ. Bindmans LLP дейтін жеке заң компаниясы Қазақстандағы белгісіз біреулердің тапсырысымен тергеу жүргізбек. Ол комиссия мен тергеулеріне салмақ, абырой қосу үшін британия парламентінің үш өкілін жалдап алған» деп салған болатын министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында Bindmans LLP компаниясы басшысына Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі айтқан дерекке қатысты сұрақ қойылды.

Алайда, тәуелсіз комиссияның мүшесіміз деген британия депутаттары да, Bindmans LLP компаниясының басшысы да бұл сұраққа жауап бермеді.

«Тапсырыс берушінің аты-жөнін айта алмаймыз» деп қысқа қайырды. Қанша қаржы алғандарын айтпады.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.