Қорғаныс экс-министрі өзінің ұсталғаны туралы хабарды жоққа шығарды

БАҚ-та тараған ақпаратқа байланысты tengrinews.kz сайты экс-министр Жақсылықовқа хабарласып, мән-жайды анықтап көрді.
Тілшіге берген ақпарында, Руслан Жақсылықов қазір үйінде екенін, осы тұрғанда әйелі мен балалары бірігіп батут орнатып жатқанын айтқан. Өзінің ұсталғаны жөніндегі хабарларды ақымақтық деп атап, соңғы үш жылда еш демалмауы себепті қазір еңбек демалысында екенін айтқан.
Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына жүгінетінін де мәлімдеді.
"Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін", - деді экс-министр.
Бүгін экс-министрдің қамауға алынғаны туралы хабар тарап кеткен болатын. Ал 8 маусым күні Руслан Жақсылықов Президент Жарлығымен қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.

Ең көп оқылған
