Бірер күн бұрын ғана орнынан босатылған экс-Қорғаныс министрі қамауға алынды, - деп хабарлайды ulysmedia.kz “Выход к правде” телеграм арнасына сілтеп.
Телеграм арнаның мәліметінше, 10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, 8 маусымда Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалған еді.
Фото: Gov.kz