Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқандарға мемлекеттік марапат тағайындалды

Malim Админ

  • 29.08.2021

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімше қоймасында шыққан өрттің салдарынан болған жарылыста қаза тапқан өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлерге мемлекеттік атақ пен наградалар берілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Тағы бір айта кетерлігі, осы төтенше жағдай кезінде қаза болған 13 азаматты аза тұту үшін 29 тамызды Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы аза тұту күні деп жариялады.

Жарылыс кезінде қаза болған өрт сөндірушілер мен әскерилерге қайтыс болғаннан кейінгі тағайындалған атақ пен наградалар беру туралы президенттің қаулысында «Халық қаһарманы» атағы мен «Алтын жұлдыз», «Отан» ордені, І дәрежелі «Айбын» ордені, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тағайындалғаны айтылған. «Халық қаһарманы» атағы Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа берілген.

 «Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұдан ары Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлықта «Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін» І дәрежелі «Айбын» ордені

Қапезов Арман Қуанышұлы (марқұм) – Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры;

Микропуло Александр Николаевич (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісіне (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары) тағайындалды.

Ал, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Дәлібаев Оразбек Дайраұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы;

Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі);

Мешінбай Марат Сайлауұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі);

Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы);

Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Темірболатов Арнұр Серікұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы марапатталды.

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні кешке қарай Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімшенің қоймасында жарылыс болып, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан жақын маңда орналасқан бірқатар үй мен түрлі нысандар зардап шегіп, төтенше жағдаймен күрес кезінде 98 адам жарақат алып, 13 адам қаза болған. Бұған децін тағы 3 адамның жоғалып кеткенін, олардың іздестіріліп жатқаны хабарланған. Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жарылыс пен өрттің тағы да қандай шығын әкелгені, оның зардаптары туралы алдағы уақытта хабарланатыны айтылуда.

Жалпы, жарылыс хабары жеткенде жоғарғы шақыру нөмірі бойынша Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдарының 34 бірлік автотехникасы мен 114 қызметкері жіберілген. 15 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Одан кейін оқиға орнында ТЖМ-нің 153 қызметкері мен 46 бірлік техникасын; ПД - 400 қызметкер, 54 бірлік техника; №28349 ә/б - 8 қызметкер, 2 бірлік техника; №5513 ә/б - 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника; Ұлттық гвардия - 520 адам жұмылдырған.  Ұлттық гвардияның тағы да 250 адамы резервте тұрған. Жарылыс кезінде 700-ден астам тұрғын Тараз қаласындағы түрлі нысандарға эвакуацияланған.

Тағы бір айта кетерлігі, Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы, Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр аймаққа сапары кезінде зардап шеккендерге мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. «Үкіметтік комиссияның алдына залалды бағалау және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау, медициналық көмек шараларын көрсету бойынша» қойылған міндеттерге орай, қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Ең алдымен тұрғын үйлер, кәсіпкерлік және инфрақұрылымдық нысандар қалпына келтірілетін болады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады