Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Боранбаев әлі тергеліп жатыр – ҚМА

Қоғам
Қайрат Боранбаев әлі тергеліп жатыр – ҚМА

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Одан тілшілер сот талқылауы нәтижесінде Қайрат Боранбаев мемлекетке қанша сома бергенін сұрады.

Жалпы, ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша залал 14,5 млрд теңге көлемінде өтелді. Бұдан басқа, 120 млрд теңге көлемінде залалды өз еркімен өтеді. 120 млрд теңгені 14,5 млрд теңгеге қоссаңыз, 134,5 млрд теңге. Мен бүгінгі күнге дейін өтегенін айтып отырмын. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, - деді ҚМА төраеғасының орынбасары.

Елемесовтің айтуынша, барлық актив тіркелді.

Құны бойынша әр объектінің қанша тұратынын айта алмаймын, - деді ол. 

Сондай-ақ Елемесов Боранбаевқа қатысты қандай бұлтартпау шарасы таңдалғанын және неге ол бостандықта екенін айтты.

Бостандық нені білдіреді? Сот шешімімен ол сотталды. Бас бостандығынан айыру жазасы шектеумен ауыстырылды. Электронды білезік тағылған жоқ. Ол қазірдің өзінде шектеулі. Оның бюджет қаражатын ұрлауға және салық төлеуден жалтару бойынша күдікті істері бар, - деді Елемесов.

Оның айтуынша, "Қайрат" футбол клубы бойынша агенттік қылмыстық іс жүргізіп жатқан жоқ.

Фото: informburo.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу