Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қамаудан шыққан Павел Дуров мәлімдеме жасады

Әлем
Қамаудан шыққан Павел Дуров мәлімдеме жасады

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қамаудан шыққанан кейін алғашқы мәлімдемесін жасап, Францияда ұсталуына қатысты түсініктеме берді.


Айтуынша, бұл ол үшін күтпеген жағдай болған. Франция билігі оған басқа біреудің әрекеті үшін жауапкершілікті мойнына ілмек болды, шағымдарын жеке маған емес, Telegram-ға жолдауы керек еді дейді ол.

- Егер елдің интернет-сервиске көңілі толмаса, онда сол сервистің өзіне қарсы сотқа шағым түсіруі керек. Бұл қалыптасқан тәжірибе. Платформада үшінші тұлғалардың жасаған қылмыстары үшін бас директорды айыптап, смартфон пайда болғанға дейін дәуірдің заңын қолдану – қате тәсіл. Технология жасап шығару оңай емес. Егер бұл құралдардың ықтимал теріс пайдаланылуы үшін жеке адам жауапты болуы мүмкін екенін білсе, ешбір инноватор ешқашан жаңа құралдарды жасамайды, - деп жазды бизнесмен өзінің Telegram арнасында.

Сондай-ақ ол құпиялылық пен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау қиын екенін айтып өтті. Теп-теңдік жөнінде келісімге келе алмайтын елдерде теелеграм қызметін тоқтатуы мүмкін. Дегенмен, Дуров өзінің компаниясында жол берілген олқылықтарға да назар аударып, оларды түзететініне уәде беріп отыр.

Фото: ua.korrespondent.net

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу